Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ғанимен кездесті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Ақорданың баспасөз қызметі © Ақорданың баспасөз қызметі

Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ғанимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ғанимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Екі елдің көшбасшылары сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің және өңірлік қауіпсіздіктің мейлінше өзекті жайттары қозғалды.


© Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті өзінің шақыртуы бойынша елімізге алғашқы ресми сапармен келген М.Ғаниға ілтипат білдірді. "Орталық Азия өңірі мен Ауғанстанның ежелден ортақ бай мәдени және тарихи құндылықтары бар. Мен Сіздің елде болып жатқан оқиғаларды жақсы білемін. Біз кезінде бұрынғы Президент Х.Карзаймен көп ынтымақтастықта болдық. Қазақстан Ауғанстанды тұрақтандыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуде. Біздің елге гүлденген Ауғанстан керек, біз осындай елмен жақын қарым-қатынас орнатқымыз келеді", - деді Мемлекет басшысы.


© Ақорданың баспасөз қызметі

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде Ауғанстан кезігіп отырған қиындықтар мен тәуекелдерге Қазақстанның терең түсіністікпен қарайтынын айтты. "Соңғы жылдары тұрақтану үдерісі байқалып отыр, біз бұған қуаныштымыз. Сіз бүкіл халықты біріктіріп, ұлттық бірлік үкіметін құруға талпынып отырсыз. Бұл - маңызды ниет және оны біз қолдаймыз", - деді Қазақстан Президенті.


© Ақорданың баспасөз қызметі

Мохаммад Ғани өз сөзінде еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен табыстарына назар аударды. "Сіз «Қазақстан-2030» Стратегиясын жариялағаныңызда, әлемде оған көп ешкім сенбеді. Алайда Сіздің басшылығыңызбен және жан-жақты әрі жедел қабылданған шаралардың арқасында жария етілген мақсаттарға қол жеткізіліп қана қоймай, олар асыра орындалды да.  Қазақстанда осылайша жүзеге асқан өзгерістер бүкіл өңірге жарқын үлгі бола алады. Осыған байланысты Сіздің 1997 жылы айтқан "Кеше әлі ерте болатын, ал ертең кеш болуы мүмкін" деген сөзіңізді еске алғым келеді", - деді Ауғанстан Президенті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.92  course up  597.41  course up  6.62  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer