Назарбаев ауыл шаруашылығы жерлерін ревизиялау мәселесін тағы көтерді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысында жұмыс сапарымен жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысында жұмыс сапарымен жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Талдықорған қаласына сапары барысында бірқатар нысандарды аралау, сондай-ақ өңірдің жұртшылық өкілдерімен және кәсіпкерлерімен кездесу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерімен кездесу барысында Мемлекет басшысы аграрлық сала өкілдерінің ішкі нарықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай отырғанына тоқтала келе, саланың бірқатар кемшіліктерін атап көрсетті. Қазақстан Президенті инновациялық жобалардың жоқтығына мән бере отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерінің тиімділігі жеткілікті деңгейде емес екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік жиынтық өнімнің 65 пайызын облыстың тек екі ауданы – Іле және Қарасай ауданы ғана қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті. "Мемлекет өңір үшін қажеттінің бәрін жасауда. Субсидия, лизингке техникалар берілуде, жалпы қаржыландырудың 75%-ын мемлекеттен аласыздар. Сөйте тұра6 сіздердің тараптарыңыздан ешқандай бастама жоқ, ал қолда бар мүмкіндіктер пайдаланылмайды. Қазір Ресейге көкөніс пен жеміс-жидек жеткізуге, сол арқылы табыс табуға болар еді, алайда бұл бағыттағы жұмыс нашар жүріп жатыр", – деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мақсатсыз пайдаланылып жатқан жер учаскелерін анықтау үшін ревизия жүргізу қажеттігін айтты. "Жерді шын мәнінде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға, өсірілген өнімнен пайда табуға мүдделілерге берген жөн", – деді Мемлекет басшысы.

Сапар барысында Президентке облыстағы құрылыс саласының дамуы мен "Қолжетімді баспана-2020" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асыру барысы туралы баяндалды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысына 12 тұрғын үй алабы, 5 шағын аудан салу қарастырылып отырған, жалпы алаңы 206 гектар Оңтүстік-батыс тұрғын үй ауданының нақтылы жоспарының жобасы таныстырылды.

Нысанды аралау барысында Нұрсұлтан Назарбаев мердігер құрылыс компанияларының басшыларымен және құрылысшылармен әңгімелесті. "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында жалпы алаңы 316,7 мың шаршы метр болатын 121 үйдің құрылысы жоспарланып отыр. Ол 6037 отбасын баспанамен қамтуға мүмкіндік береді. Жаңа тұрғын үй алабының аумағында әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандар – 9 балабақша, 5 мектеп, Оқушылар сарайы, Жастар үйі, ХҚКО, емхана салу көзделіп отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro