Назарбаев Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшуға үміткерлігін бекітті

03 Шілде 2015, 13:58
0
Назарбаев Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшуға үміткерлігін бекітті - ©Astana.gov.kz
©Astana.gov.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерінің қатысуымен жедел кеңес өткізді, онда Айдын Айымбетовтің Халықаралық ғарыш станциясына ұшуға қатысуға кандидатурасы келісілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кеңес барысында елдің ғарыш саласын дамыту мәселелері, соның ішінде "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыранының кешенін салу жөніндегі жобаның іске асырылу барысының қаралғаны хабарланып отыр.

Қазақстан азаматының Халықаралық ғарыш стансасына ұшырылуы туралы Мемлекет басшысы мен Ресей Президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластыққа сәйкес Айдын Айымбетовтің кандидатурасы келісілді.

Кеңес қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай