Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әйелдерді Әйелдердің халықаралық күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әйелдерді Әйелдердің халықаралық күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы құттықтау сөзінде жаңа азаматтардың тууы мемлекеттің басты стратегиялық мақсаты екенін атап өтті.
"Жаңа азаматтардың тууы мен ұлт санының артуы - мемлекетіміздің басты стратегиялық мақсаты. Әйелдер өзі ер адамдарды туып алып, өздеріне проблема жасап алады деп тегін айтпайды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы "Көктем шуағы" концертінің ашылуында.
Сондай-ақ, Президент ел тынысындағы әйелдердің рөліне тоқталды.
"Құрметті отандасатар, еліміздің өмірінде маңызды жасампаз рөлін орындайсыздар. Әйелдер жетістікке жете алмайтын сала жоқ. Спортта да, ғылым мен саясатта да олимпті бағындырасыздар. Бүгінде 3000-ға жуық ғылым докторының 60 пайызы әйелдер, Мәжілістің үштен біріне жуығы - нәзік жандылар", - деді Елбасы.
"Жалпы алғанда әйелдердің үлесі жалпы құрамның басым бөлігі. Әйелдер туа бітті менеджерлер деп тегін айтылмаған. Себебі әйелдердің интуициясы ерлердің лошикасы мен сеніміне қарағанда нақтырақ", - деп мәлімдеді Президент.