07 наурыз 2017 16:44

Назарбаев әйелдерге ұнаудың формуласын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "Көктем шуағы" атты кездесуінде әйелдерге қалай ұнау керек екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "Көктем шуағы" атты кездесуінде әйелдерге қалай ұнау керек екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Президент Маңғыстау облысында тұратын журналист Венера Мирланқызы жайлы айта келе "қандай сұлу" деп, мақтау сөз айтты. "(...) Әйелге ұнағың келсе, ол әдемі болса, оның ақылды екенін айт. Ал егер әдемі болмаса, әдемі де. Екеуі де болмаса, "Қалай арықтағансың" де. Дұрыс па? Міне, оларды әлі күнге үйретіп келемін, сөйлесе алмайды", - деді Назарбаев.  

Кездесуде Мария Галицкая гитарамен екі ән орындады. Мария Галицкая - 29 жастағы әнші, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты. Ол - Tengri-FM радиостанциясының тыңдармандары үздік деп тапқан "Брат" деген әннің авторы әрі орындаушысы.

"Рақмет, Мария, шығармашылық жетістік пен бақыт тілеймін. Университетті қашан аяқтайсың? Биыл? Қазірдің өзінде танымал болдың, елордаға немесе Алматыға көшіп барасың", - деді оған Елбасы. 

Сондай-ақ, Назарбаев шаңғы жарысынан Алматыда өткен Универсиаданың чемпионы Анна Шевченко жайлы айтты. "Аня тым жас. Із қуа жарысу - бес шақырым. Классикалық әдіс - 15 шақырым. Әділбек Рыскелдіұлы, елестетіп көрші. Сен күн сайын жағалауда жүгіресің, шаңғысыз", - деді Президент күліп Жақсыбековке. Осыдан кейін Елбасы спортшыға сәттілік тіледі.

Кездесуге Мемлекеттік хатшы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіқалықова, Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Парламент Мәжілісінің депутаты, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл З.Балиева, Ұлттық экономика вице-министрі М.Әбілқасымова, микробиолог-ғалым Ә.Ерназарова, биатлоннан "Алматы-2017" универсиадасының жеңімпазы А.Шевченко, ауылдық орта мектеп директоры И.Седова, "Жас Атамекен" жас кәсіпкерлер клубының президенті З.Көкжанова, ақын Т.Қабылша, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының магистранты М.Галицкая, "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Адам ресурстары басқармасының бас менеджері Ш.Алтыбаева, аудандық аурухананың бас дәрігері Қ.Разиева, "Астана-Балет" театрының жетекші балеринасы М.Буканова, көп балалы ана О.Мұқашева, қобыздан халықаралық байқаулардың жеңімпазы А.Тәжібаева, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Н.Раззақ, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі О.Давыденко, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Парашютпен секіруге дайындау орталығының аға маманы Р.Рамазанова, әртіс С.Бақаева, журналист В.Мирланқызы қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети