Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Назарбаев Әзірбайжан президентімен кездесті 29 қыркүйек 2014, 22:08

Назарбаев пен Әлиев сауда-экономикалық, отын-энергетика, инвестиция, мәдениет салаларындағы өзара іс-қимыл туралы талқылады.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиев. ©prezident.az Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиев. ©prezident.az

Астраханьда аяқталған IV Каспий саммиті аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі елдің көшбасшылары Каспий маңы мемлекеттерінің төртінші саммитінің қорытындылары туралы сөз қозғады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиев, сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін, соның ішінде, сауда-экономикалық, отын-энергетика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың болашағын талқылады.

Сонымен қатар, мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

 


Join Telegram