Қазақстан Президенті "Азерсун" өндіріс және логистика орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті "Азерсун" өндіріс және логистика орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы орталықтың жұмысымен танысып, өндірістік тауарлар, сондай-ақ жеміс-жидек пен көкөніс сақталатын қоймаларды аралап көрді.
"Ақтаудағы логистика орталығының қызметі азық-түлік өнімдері бағасын арзандатуға бағытталған. Маңғыстау облысымен қатар, республикамыздың басқа да өңірлеріндегі азық-түлік бағасын төмендетіп, онымен қамтамасыз ету мақсатымен тауарларды сақтау, жеткізілетін көлемін арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажет", - деді Елбасы.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев орталық қызметкерлеріне табыс тіледі.