27 маусым 2015 | 19:09

Назарбаев: Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттердің бірлескен күш-жігері қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Миланда "Ғаламшарды азықтандыру. Энергия өмір үшін" деген атаумен өтіп жатқан EXPO-2015 көрмесіндегі Қазақстанның ұлттық күнінің басталу рәсімінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық мемлекеттердің бірлескен күш-жігерінің қажеттілігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Миланда "Ғаламшарды азықтандыру. Энергия өмір үшін" деген атаумен өтіп жатқан EXPO-2015 көрмесіндегі Қазақстанның ұлттық күнінің басталу рәсімінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық мемлекеттердің бірлескен күш-жігерінің қажеттілігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Таяу отыз жылда жер жүзінде азық-түлік тұтыну мөлшері екі есе артатынын ескерсек, XXI ғасыр қатерлері аясында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды болмақ және бұған дайын болған жөн. Бұл проблеманы еңсеру үшін барлық мемлекеттердің бірлескен күш-жігері қажет болады", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне бүгіннің өзінде елеулі үлес қосып отырғанына назар аударды. "Біздің еліміз әр тұрғынға шаққандағы егістік алқабының көлемі жөнінен Австралия және Канада елдерімен қатар алдыңғы орындардың бірін алады. Қазақстанның ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі &ndash 215 миллион гектар, бұл әлемдік ресурстың 4 пайызынан астам. Табиғи-климаттық жағдайлардың әралуандығы мен құнарлы топырақ бізге жер шары тұрғындары үшін бәсекеге қабілетті азық-түлік өндіруші болуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Қазақстан әлемдегі ірі астық экспорттаушылар ондығына және ұн экспорты жөнінен бірінші бестікке кіреді. Жыл сайын Азия елдеріне 6 миллион тоннаға дейін, Еуропалық одақ мемлекеттеріне 2 миллион тоннаға дейін бидай жеткізіледі. Жалпы, біздің экспортымыздың географиялық ауқымы 70-тен аса елді қамтиды", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті республикамыз "Агробизнес-2020" бағдарламасын жүзеге асыру арқылы, сондай-ақ өңдеу секторына жетекші трансұлттық компанияларды тарту жөнінде міндет қоя отырып, аграрлық сектордың әлеуетін кеңейту үшін мақсатты жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықаралық қоғамдастыққа белсене кірігіп, әлемдік нарыққа азық-түлік жеткізу жөнінен негізгі елдердің біріне айналып келе жатқанын да айтты.

"Біз қазір 60 мың тонна ет экспорттау мақсатымен жұмыс істеп жатырмыз. Қытай бастамашылық еткен Жібек жолы экономикалық белдеуін құру жобасына қатысудамыз. Таяуда өткен Астана экономикалық форумында Еуразиялық трансқұрлықтық дәліз құру мәселесі талқыланды", - деді Президент. Нұрсұлтан Назарбаев өнімділік қарқынын екі еселеу үшін аграрлық сектор саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді мемлекет ынталандырып отырғанына назар аударды.  

Мемлекет басшысы "Қазақстан: Мүмкіндіктер елі" деп аталған біздің павильонда өңірлердің биологиялық әралуандығы, олардың аграрлық және өндірістік дәстүрлері, сондай-ақ енгізіліп жатқан озық технологиялары мен жоғары экологиялық стандарттары туралы ақпарат ұсынылғанын атап өтті.

"Болашақтың энергиясы" деген тақырыппен Астанада өтетін алдағы "ЭКСПО-2017" көрмесіне айрықша көңіл бөлініп отыр. Энергетикалық қауіпсіздік азық-түлік қауіпсіздігімен қатар халықаралық ынтымақтастықтың маңызды бағытының бірі болып саналады. Миландағы басқосуда басталған диалог елдердің, халықаралық ұйымдар мен бизнестің арасындағы өзара ықпалдастыққа серпін береді және Астанада жалғасын табады деп сенемін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Миландағы көрме азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбына арналған тиімді диалог алаңы ғана емес, әр елдің салт-дәстүрі мен мәдениеті туралы біле түсудің жақсы мүмкіндігі екенін де атап өтті.

"Қатысушылар мен қонақтар біздің байырғы мәдениетіміз және бай тарихымызбен танысып, бүгінгі Қазақстанның жетістіктері мен жоспарлары жөнінде көбірек біле алады, сондай-ақ қазақтың ұлттық тағамдарының сан алуан мәзірі мен бірегейлігіне баға бере алады. Біздің елді жақынырақ таныған соң Сіздің міндетті түрде 2017 жылы Қазақстанға баруға құштарлығыңыз оянатынына сенімдімін", - деді Мемлекет басшысы. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев баршаны Астанада өтетін алдағы көрмеге шақырды және "ЭКСПО-2015" көрмесінің табысты өтуіне тілектестік білдірді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети