Елбасы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Балғымбаевтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта мемлекеттік басқару және экономика саласындағы ірі қайраткердің бірі болған Нұрлан Балғымбаевтың бар білімі мен тәжірибесін елдің өсіп-өркендеуіне арнағаны атап өтілген. Еңбек жолын мұнай саласында қарапайым жұмысшы болудан бастап, ұдайы оқып-ізденуі мен ұйымдастырушылық қабілеті арқасында биік белестерді бағындырды, Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына дейін көтерілді. Бұл қызметті ол зор жауапкершілікпен атқарды.
"Өз Отаны мен халқын қалтқысыз сүйген Нұрлан Балғымбаевтың болмысына қарапайымдылық пен зиялылық, нағыз бекзаттық тән еді. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпай, әрдайым қастер тұтатын болады", - делінген көңіл айту жеделхатында.