Назарбаев Бари провинциясында болған пойыздар апатына байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Бари провинциясында болған пойыздар апатына байланысты көңіл айтты © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Италия Республикасының премьер-министрі Маттео Ренциге Бари провинциясында болған пойыздар апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Италия Республикасының премьер-министрі Маттео Ренциге Бари провинциясында болған пойыздар апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта Қазақстан Президентінің жолаушылар пойыздарының соқтығысуы салдарынан ондаған италиялық азамат опат болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны жазылған.

Нұрсұлтан Назарбаев ауыр қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске салайық, Италияның оітүстігінде екі пойыз бетпе-бет соқтығысып, соңғы мәліметтер бойынша, 25 адам қаза тапқан болатын. Жарақат алғандар болса ауыр жағдайда жатыр. Әзірше пойыздардың қалайша бетпе-бет соғысып жүргені белгісіз. Тергеу органдары бұған адам факторы себеп болуы мүмкін дегенді айтады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети