Назарбаев Бас прокурорды қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Бас прокурорды қабылдады © akorda.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовты қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовты қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтарын қорғау үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімделді.

Бас прокурор Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің қылмыстық заңнамасын ізгілендіру және түрмеге қамалғандардың әлемдік рейтингі бойынша Қазақстанның беделін арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады.

Сонымен қатар, кездесуде еңбек дауларын шешуге қатысты азаматтардың құқықтарын қорғау үшін Бас прокуратура мен Үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға баса мән берілді. Ғизат Нұрдәулетовтың мәліметіне сәйкес, былтыр бірлесе күш жұмылдырудың арқасында еңбекақы бойынша 2,4 млрд теңге көлеміндегі қарыз өтелді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті шағын және орта бизнес саласындағы тексерістерді азайту үдерісіне тиісті бақылау жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети