Назарбаев "Батыр бабалар" мемориалдық кешенінде болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев "Батыр бабалар" мемориалдық кешенінде болды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Батыр бабалар" мемориалдық кешенінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Батыр бабалар" мемориалдық кешенінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Алматы қаласына және Алматы облысына жұмыс сапары барысында Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округінің аумағында орналасқан "Батыр бабалар" мемориалдық кешеніне барды.

Нұрсұлтан Назарбаев мемориалдық кешендегі Қазақстанның сақ мәдениетінен бастап Алашорда үкіметінің құрылуына дейінгі тарихын бейнелейтін экспозициялармен танысты. Мемориалдың орталық бөлігі қазақтың батырларына арналған.

Сонымен қатар, Елбасыға ел тәуелсіздігі жолындағы күресте танымал болған белгілі тарихи қайраткерлер - хандар, билер және батырлар суреттерінің галереясы көрсетілді.

Мемлекет басшысы Қарасай ауданының жұртшылық өкілдерімен кездесті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері мен Алматы облысының даму перспективалары талқыланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети