Назарбаев Байденді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Назарбаев Байденді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың президенті болып сайланған Джозеф Байденді құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың президенті болып сайланған Джозеф Байденді құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Елбасы Джо Байденмен 2010 жылғы Ядролық қауіпсіздік саммиті аясында Вашингтонда өткен кездесуін, сондай-ақ телефон арқылы сөйлескендерін жылы еске алғанын атап өтті.

Ол Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық ынтымақтастық екі мемлекеттің халқы үшін нығая түсетініне сенім білдірді.

Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау жеделхатында  Джо Байденге мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Джо Байденді құттықтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама