04 мамыр 2014 | 09:15

Назарбаев Байқоңырға жаңа арнайы өкіл тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Қожаниязов. ©Respublika-kaz.info Серік Қожаниязов. ©Respublika-kaz.info

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен Байқоңырға президенттің жаңа арнайы өкілі және Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып Қожаниязов Серік Салауатұлы тағайындалды. Бұрынғы арнайы өкіл Нұртаев Рзақұл Саденұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен болатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Kyzylorda-news.kz-ке сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Серік Қожаниязов1965 жылы Қызылордада туылған, Кузбасс политехникалық институтын "инженер-механик" және Еуразия ұлттық университетін "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда жөндеу-механикалық зауытында инженер-технолог болып бастаған. 2001-2004 жылдары Қызылорда облысы әкімдігі аппаратында индустриалды даму бөлімінің меңгерушісі, 2005-2007 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры, 2007-2008 жылдары Қызылорда қаласының әкімі, 2008-2012 жылдары ҚР Премьер-министрінің кеңсесінде бас маман, ұйымдастыру жұмыстары және аймақтық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды. 2012 жылдан ҚР Премьер-министрінің кеңсесінде аймақтық даму бөлімін басқарып келді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети