Назарбаев: Бейжің - жазғы және қысқы олимпиадаларды өткізген жалғыз қала болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: Бейжің - жазғы және қысқы олимпиадаларды өткізген жалғыз қала болады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР басшысы Си Цзиньпиньге 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге таластағы Бейжіңнің жеңісін қазақстандықтардың қалай қабылдағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР басшысы Си Цзиньпиньге 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге таластағы Бейжіңнің жеңісін қазақстандықтардың қалай қабылдағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сізді және бүкіл қытай халқын екі бірдей атаулы оқиға - қытай халқының жапон милитаризміне қарсы соғыстағы Жеңісінің 70 жылдығымен және Бейжіңнің қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге таңдалуымен құттықтаймын. Біз сіздерге қошемет көрсеттік. Бейжің - жазғы және қысқы олимпиадаларды өткізген жалғыз қала болады", - деді Назарбаев Си Цзиньпиньмен кездесуінде.

"Мен бұл қарым-қатынастарды қатты бағалаймын. Қытаймен қарым-қатынасымыз 20 жылдан аса уақыт бойы үздіксіз дамып, нығайып келеді. Бұған сіздің Қазақстанға биылғы мамырда жасаған ресми сапарыңыздың кезіндегі жеткен келісімдеріңіз сеп болды", - деді Мемлекет басшысы.

"Бүгін Қазақстан Президентімен стратегиялық әржақты серіктестіктің жаңа кезеңі туралы біріккен декларацияға қол қоямыз. Бұл біздің өткеніміздің екіжақты қарым-қатынасымыз бен болашақтағы әріптестігіміздің бағдарламасы. Қытай тарапы Қазақстан тарапымен екіжақты қарым-қатынастарды бірлесіп дамытуға дайын", - деді өз кезегінде ҚХР басшысы. Келіссөздердің қорытындысы бойынша жоғарыда аталған декларацияға және өзге де екіжақты құжаттарға қол қойылды. 

Осыған дейін Назарбаевтың баспасөз хатшысы Олимпиада өткізуге таласта ҚХР астанасының жеңіске жетуін Президенттің қалай қабылдағаны жайлы айтып берген болатын. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қытай Халық республикасына сапарында "Синхуа" агенттігіне сұхбат берді. "Хабар" телеарнасының мәліметінше, Назарбаев тілшілермен әңгімесінде Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуы жайлы айтып берді. Сонымен қатар, ол Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде фашизмді жеңудегі Қытайдың ролін және қытай халқының жапон милитаризміне қарсы соғыстағы Жеңісінің 70 жылдығына орай Бейжіңде өтетін шараның маңызын атап өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети