06 тамыз 2014 | 12:43

Назарбаев бей-берекет базарларды жабуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Роза Есенқұлова ©Роза Есенқұлова

Нұрсұлтан Назарбаев ұйымдастырылмаған базарлардың бәрін жабуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Үкіметтің Ақордада өтіп жатқан кеңейтілген отырысынан.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев ұйымдастырылмаған базарлардың бәрін жабуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Үкіметтің Ақордада өтіп жатқан кеңейтілген отырысынан.

"Көлеңкедегі экономика - бюджетке қаражат түсірудің үлкен қоры. Қазақстанда жүздеген мың базардың бақыланбайтынын айта аламын. Санитарлық талаптарға сай емес. Ол жерлерде неше түрлі берекетсіздік болып жатады. Біздің бизнесмендер пайдалы істі өз қолдарына ала алмай ма? Жабық, ұйымдасқан сауда орталықтарын тұрғызу керек. Әкімдер бұл үшін жерді жылдам беруі тиіс. Оларды еркін экономикалық аймаққа қосып, салықтан босату қажет, ұымдастырылмаған базарлардың бәрін жабу керек", - деді Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарап. Президент мұндай жағдайда базар саудагерлерінің жапа шекпеуі керектігін атап өтті.

"Олар жаңа орталықтарға көшуі тиіс. Оның қалай жасалып жатқанын көріп отырмыз. Алматы, Шымкент, Астана қалаларында, басқа облыстарда белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірақ бей-берекет базарлар әлі де көп. Қаржы қазынадан тыс кетіп жатыр, ол жерлерде қылмыс та, басқасы да бар. Қазір не істеліп жатыр?" - деп сұрады Назарбаев Бақыт Сұлтановтан.

"Көлеңкедегі экономиканы азайту жоспары шеңберінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Сіздің тапсырмаңызбен тиісті заң жобасы жасалды", - деді Сұлтанов. Назарбаев сарапшылардың Қазақстанда қаржының 20-дан 30%-ға дейін көлеңкеде қалатыны туралы мәліметін келтірді. "Бұл - үлкен резерв", - деді Назарбаев.

Рұқсат етілмеген базарлар мәселесі елімізде бірнеше мәрте көтеріліп жүр. Алматы барахолкасында өрт қауіпсіздігінің сақталмауына байланысты бірнеше рет өрт болды. Билік базарларды көшіріп, орнына сауда орталықтарын сала бастады. Бірақ кейбір саясаткерлер базарлардың жаппай сүрілуіне қарсы. Сенатор Жабал Ерғалиев өркениетті орталықтар тұрғызып алмайынша, базарларды жаппай жоюға асықпау керектігін мәлімдеген болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети