Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Бейжің қаласына келді, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Бейжің қаласына келді, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Қазақстан Президенті "Бір белдеу, бір жол" атты халықаралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысу үшін Бейжің қаласына келді", - делінген Ақорданың сайтында.
Еске сала кетейік, 18 cәуірде Назарбаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Чжан Гаолимен кездескен болатын. Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің "Бір белдеу - бір жол" атты халықаралық форумға шақырғанына алғыс білдіріп, бұл іс-шараға қатысуға дайын екенін жеткізген еді.