17 наурыз 2017 | 22:08

Назарбаев Бишімбаев пен Нұрабаев жайлы: Бізді қол қусырып қарап отыр деп ойламасын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистермен кездесуінде жемқорлықпен мемлекеттің қалай күресіп жатқаны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат республикалық телеарналардың эфирінде көрсетілді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистермен кездесуінде жемқорлықпен мемлекеттің қалай күресіп жатқаны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат республикалық телеарналардың эфирінде көрсетілді.

"Жап-жас жігіттер, оларды оқытқан, оларға барлығын жасап берген, бірақ сот шешімі шыққан жоқ, экономика министрі өте жас, болашақпен оқып келген, жолдастарымен, достарымен ұсталып қалды. Жемқор топ құрған, қазір тергеу жүріп жатыр", - деді Назарбаев. 

"Таяуда ғана анықталды - Геология комитеті. Арнайы Геология комитеті құрылды, себебі Қазақстан жері пайдаланусыз жатыр. Ашылғандары аз ғана бөлігі. Геологтар жұмыс істеуі керек. (...) Бірақ бұл комитеттің басшысы кен орындарын өз адамдарына тарата бастаған. Біз осының бәрін көріп, қол қусырып қарап отыр деп ойламасын. Мемлекеттік қызметшілерді бақылап отырғандар көп. Құқық қорғау органдары да бақылап отыр, нанын босқа жеп отырған жоқ. Ұрланғанның барлығы мемлекетке қайтарылады, заң бұзған адам жазасын алады. Осы мақсатта тоқтамай жұмыс істейміз. Бұл мәселе ешқашан тоқтамайды және әрдайым елді осындай зұлымдықтан тазартумен боламыз", - деді Президент.

"Барлық елде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүріп жатыр, бірде-бір мемлекет мұны жеңдік дей алмайды. Әсіресе мемлекеті енді құрылып жатқан жас елдерде осындай үлкен зұлымдықтар бар", - деді Елбасы. 

Айта кетейік, осыған дейін Назарбаевтың мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұраққа жауап бергені хабарланған еді. Кейін журналистер саяси бәсекелестіктің жоқтығы жайлы сұрақ қойған болатын.

Еске салайық, Кездесуге қатысушылар "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.

Кездесуге "Қазақстан", "Хабар", "МИР" телеарналарының, "Айқын" газетінің, "Esquire" журналының, "Қазақпарат" ақпарат агенттігінің журналистері қатысты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети