Назарбаев: Биыл 17 жасқа толған Елорда - ел тағдырымен еншілес менің өмірімнің мәнді бөлшегі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: Биыл 17 жасқа толған Елорда - ел тағдырымен еншілес менің өмірімнің мәнді бөлшегі ©Akorda.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  туған күніне және Астана күніне байланысты келіп түскен құттықтаулар авторларына сөз арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  туған күніне және Астана күніне байланысты келіп түскен құттықтаулар авторларына сөз арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы оның атына Астана күніне және мерейтойына байланысты көптеген хаттар мен жеделхаттар келіп түскенін атап өтті.

"Құттықтаушылар қатарында мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен компаниялардың басшылары, қоғам өкілдері және ел азаматтары бар. Жылы лебізді тілектер әлемнің түкпір-түкпірінен және еліміздің барлық өңірінен келді", - делінген ҚР Президентінің арнайы сөзінде.

Ол сонымен қатар, өзін мектеп оқушыларының жіберген өлеңдер, суреттер мен құттықтауларының толқытқанын айтты. "Әсіресе, мені толқытқаны - жасөспірім мектеп оқушылары өз өлеңдерін, суреттерін, құттықтауларын жолдап жатты. Бұл адамның жүрегін тебірентеді. Биыл 17 жасқа толған Елорда - ел тағдырымен еншілес менің өмірімнің мәнді бөлшегі", - деді ол.

"Астана күнімен қабат келген мерейтойыма арналған ең қымбат сыйлық - Қазақстанның жеткен жетістіктері. Өмірін мемлекеттің мерейлі, халқымның бақытты болуына арнаған мен үшін көптің шынайы ықыласынан артық ештеңе жоқ. Осындай қолдау, әрине, жігерлендіреді, халыққа қызмет етуге, белгіленген бағдарламаларды орындауға күш береді. Жылы лебізді құттықтаулар үшін баршаңызға шын жүректен зор ризашылық білдіремін! Әрқайсыңызға жеке-жеке ризашылығымды білдіруге де болар еді, бірақ ол мүмкін емес. Сондықтан менің осы айтқан сөздерімді әрқайсыңызға ризашылығым мен рахметім деп білерсіздер. Өз тарапымнан баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!", - деп аяқтады Назарбаев өз сөзін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети