Назарбаев бизнесмен Сарсеновке орден табыстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев бизнесмен Сарсеновке орден табыстады Фото:elbasy.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев BSB Қаржы-өнеркәсіп корпорациясы ЖШС президенті Рашит Сарсеновке "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденін табыс етті, - деп хабарлайды Elbasy.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев BSB Қаржы-өнеркәсіп корпорациясы ЖШС президенті Рашит Сарсеновке "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденін табыс етті, - деп хабарлайды Elbasy.kz.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті орденді тапсыра отырып, отандық бизнесменнің елдімізді дамыту және өркендету ісіндегі еңбегін ерекше атап өтті.

Рашит Темірболатұлы Сәрсенов - қазақстандық кәсіпкер. Forbes журналының деректері бойынша, 2020 жылғы қазанда 632 000 000 доллар активке ие болған және Қазақстанның бай бизнесмендері рейтингінде 9-орын алған.

БАҚ мәліметінше, оған "Нұрбанк" АҚ акцияларының 90 пайызға жуығы, "Виктория" сақтандыру компаниясының 100 пайызы және Helios автожанармай құю станцияларының желісі тиесілі. Сондай-ақ, бизнесменге "Француз үйі", Beautymania, Imperial Home, "Планета красоты" сауда желілері, "Новое поколение" газеті, ат клубы, Каспий қоғамдық университеті және Алматы құрылыс және менеджмент колледжі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети