15 шілде 2016 | 23:31

Назарбаев бизнесмендерге қаражатты қайда құю керек екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. © Akorda.kz Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. © Akorda.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының қызметі туралы сұхбат берді. Бұл сұхбат орталық телеарна эфирінде 15 шілдеде кешкі уақытта көрсетілді. Оның барысында Нұрсұлтан Назарбаев туризм саласының қазіргі ахуалы туралы әңгімелеп, Бурабай курорттық аймағын одан әрі дамыту жөніндегі ойларын бөлісті және барша қазақстандықтарды еліміздің табиғи жауһарларын сақтау ісіне зор көңіл бөлуге шақырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының қызметі туралы сұхбат берді. Бұл сұхбат орталық телеарна эфирінде 15 шілдеде кешкі уақытта көрсетілді. Оның барысында Нұрсұлтан Назарбаев туризм саласының қазіргі ахуалы туралы әңгімелеп, Бурабай курорттық аймағын одан әрі дамыту жөніндегі ойларын бөлісті және барша қазақстандықтарды еліміздің табиғи жауһарларын сақтау ісіне зор көңіл бөлуге шақырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның табиғи көрікті жерлерінің ішінде Бурабайдың айрықша орын алатынына назар аударды. "Елімізде туризм мен демалыс үшін түрлі бағыттар көптеп саналады. Алматының маңында - Алатау таулары, ғажайып Көлсай, оңтүстік Қазақстанда - Ақсу-Жабағылы табиғи қорығы, республиканың батысында - Шалқар көлі, Каспий теңізі, Қарағанды облысында - Қарқаралы, Павлодар облысында -  Баянауыл. Әр өңірдің өзіндік көрікті орындары бар, солардың бірі Бурабай - Қазақстанның "маржаны". Мұнда болғанда ән айтпау, шабыттанбау мүмкін емес. Бурабайдың сұлулығын халқымыз ежелден-ақ жырға қосқаны бекер емес. Мысалы, ақын Біржан салдың мынадай жыр жолдары бар: "Жер шоқтығы - Көкшетау, бауырың толған бақша бау, төңірегің сексен көл, иісің жұпар аңқиды-ау". Мен бұл өңірге келіп жүргеніме 25 жылдан асса да әлі тамсанамын. Қазір біздің басты мақсатымыз - курорттық аймақты оның тазалығы мен тұмса табиғатын сақтай отырып дамыту, танымал ету", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Тәуелсіздік жылдарында курорттық аймақ инфрақұрылымының айтарлықтай жақсарғанына тоқтала келе, қазіргі кезде ұлттық саябақ Президенттің іс басқармасының қарауында екенін атап өтті.

"Бұрындары барлық ауыз су жергілікті көлдерден алынған болатын, сондықтан ондағы су деңгейі төмендей бастады. Сол себепті Сергеев су қоймасынан су құбырын жүргізу міндеті қойылды. Қазір көлдерден су тарту тоқтатылып, су деңгейі қалпына келді. Екінші міндет - өңірдің ғажап табиғатын ластамас үшін орталықтандырылған жылу берумен қамтамасыз ету. Осы мақсатта жылу электр орталығы салынуда. Біздің алдымызда тұрған үшінші міндет - су қоймалары мен ормандарды ластанудан сақтайтын тазарту құрылғыларын орнату", - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы атап өткендей, курорттық аймақ еліміздің танымал туристік бренді болып, қазақстандықтар мен шетелдік қонақтардың сүйікті демалыс орнына айналды. "Бурабай қазірдің өзінде Қазақстанның рәмізіне айналды. Елорданың қасында орналасқандықтан, жақсы автомагистраль бар болғандықтан, соңғы уақытта туристер саны артуда. Жыл бойғы демалыс үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Велосипедпен  және жаяу серуен жолдары ашылды, қыста шанамен сырғанап, атқа мінуге, шаңғы тебуге болады. Мұнда ірі халықаралық іс-шаралар өткізуге мүмкіндіктер бар. Мысалға, Шетелдік инвесторлар кеңесі болғанда Бурабайда барша әлемнің жетекші бизнесмендері бас қосты. Бұл жерде ТМД, ЕАЭО саммиттері өтті. Оларға қатысқан мемлекеттердің басшылары мен үкімет мүшелері сол іс-шаралар туралы ілтипатпен еске алады. Әрине, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келген қонақтар үшін де Бурабайға дейін бағыт ұйымдастырылатын болады. Курорттық аймақ көптеген туристерді тартады, бастысы - олар үшін барлық қажетті жағдайларды жасау керек. Инфрақұрылымы дамыған сайын Бурабайдың атағы әлемге таныла беретін болады. Бизнесмендердің назарын осындай жағдайлар туғызуға және демалыс үшін заманауи жақсы кешендер салуға аударғым келеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Қазақстан Президенті Бурабай ұлттық саябағының дамуы көп жағдайда біздің елордамызбен байланысты екеніне назар аударды. "Қазір Астана маңында үлкен агломерация қалыптасып келеді. Іс жүзінде, елорда мен курорттық аймақ арасындағы қашықтық қысқаруда. Болашақта шағын авиация ұшып, тікұшақ көлігі дамиды деп ойлаймын. Мен Астананы салу барысында табиғат жағдайы келмейді дегенге қарамастан, оның айналасына ағаш отырғызу міндетін қойдым. Бүгінде көріп отырғанымыздай, Астананың маңына 73 мың гектарға ағаш егілді, бұл Бурабай аумағымен бірдей. Қазіргі уақытта екі аймақтың орман алқаптарын біріктіру міндеті қойылды, бұл жұмыстың жартысы атқарылды. Еліміздің кез келген көрікті орындарын дамыту үлкен күш-жігерді талап етеді, тиісінше қаражат та қажет. Дегенмен, туризмге жұмсалған әр теңге он есе пайда әкеледі. Сондықтан еліміздің барлық туристік орындарына қажетті инвестициялар сала отырып, қолайлы жағдайлар жасау керек", - деді Қазақстан Президенті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети