Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар елге елші тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар елге елші тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне, Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Бекетжан Махатжанұлы Жұмаханов Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.