21 ақпан 2015 10:17

Назарбаев бірқатар мемлекетке Қазақстанның елшісін тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар мемлекетке елші тағайындады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар мемлекетке елші тағайындады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлығымен Шахрат Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Бақыт Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Андорра князьдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін, Қазақстан Республикасының Швеция корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Дастан Елеукенов Қазақстан Республикасының Дания корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі Данияр Сарекенов Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети