Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен бірқатар министрліктердің жауапты хатшылары мен министрлердің орынбасарлары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет Басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен бірқатар министрліктердің жауапты хатшылары мен министрлердің орынбасарлары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет Басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен: Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев – Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары; Владимир Карпович Божко – Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары; Данияр Валерьевич Вагопов – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды", – делінген мәліметте.
Сонымен қатар бұрынғы атқарған қызметтерінен босатыла отырып:
Аида Дәденқызы Құрманғалиева - Қазақстан Республикасы Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне; Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне; Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне; Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Өкімімен:
Серікбол Рахымқанұлы Мусинов - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Замир Садықұлы Сағынов - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Анатолий Григорьевич Дерновой - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Арыстан Кенжетайұлы Қабыкенов - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Бек Кәрімбекұлы Арпабаев - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен; Нұрлан Әбітқанұлы Әбді - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) жауапты хатшысы қызметінен; Төлеген Төлеуханұлы Ысмайылов - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен; Бақытбек Зүбайраұлы Иманәлиев - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен; Қарлығаш Ғазизқызы Кәкен - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен; Рүстем Нұрланұлы Ахметов - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен; Жанат Мұратұлы Қожахметов - Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен; Ерғазы Мейірғалиұлы Нұрғалиев - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;
Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Дәулет Еділұлы Ерғожин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
Еске саламыз, Назарбаев тамыздың 6-cы күні өткен ҚР үкіметінің кеңейтілген отырысында үкіметті қайта жасақтау туралы жариялаған болатын. "Үкіметтің 12 министрліктен, 30 комитеттен тұратын жаңа құрылымы бойынша шешім қабылдадым. Бұл 17 министр, тоғыз агенттік, 54 комитет, 272 департаменттің қызметін алмастыратын болады. Айырмашылықты байқаған шығарсыздар. Барлық тоғыз агенттік министрліктерге комитет ретінде кіретін болады", - деген болатын Мемлекет Басшысы.