27 желтоқсан 2018 | 11:45

Назарбаев бірыңғай жиынтық төлем туралы заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірыңғай жиынтық төлемінің мөлшері анықталатын заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірыңғай жиынтық төлемінің мөлшері анықталатын заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы халықтың жұмыспен қамтылуы саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Бұл заң жобасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

Бірыңғай жиынтық төлем: Кім және қанша төлеу керек?

Еске салайық, мұның алдында Нұрсұлтан Назарбаев бірыңғай жиынтық төлем енгізуді тапсырған болатын. "Ең маңызды мәселелердің бірі өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту. Табысынан ешқандай төлем жасамайтындар бар және тиісінше, олар зейнетақы жүйесімен және әлеуметтік қолдау шараларымен толыққанды қамтылмаған. Осыған байланысты қажетті заңнамалық өзгерістер жасалды. Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды тіркеуді жеңілдету үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізу ұсынылады", - деген еді Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети