30 наурыз 2016 16:41

Назарбаев Брюссельде Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Тускпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Назарбаев Брюссельде Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Тускпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Назарбаев Брюссельде Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Тускпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Еуропалық одақтың ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.

"Мемлекет басшысы Еуроодақ Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды вектордың бірі екенін және сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың басымдығы бар бағыты болып саналатынын айтты. Қазақстан Президенті еліміздің сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы Еуроодақтың үлесіне тиетініне назар аударды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев осы айда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Еуропалық одақпен арадағы кеңейтілген және стратегиялық серіктестік туралы келісімді ратификациялағанын айтып, бұл оқиға тараптардың ынтымақтастығын жаңа сапалы деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

 


© Ақорда

Дональд Туск Қазақстан мен Еуроодақтың тығыз серіктестігі әлемдік экономикадағы дағдарыс үрдістеріне қарамастан нығая береді деп үміттенетінін айтты.

Сонымен қатар, тараптар кездесу барысында күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, Украинадағы және Ауғанстандағы ахуал, терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. 

Еске салайық, Қазақстан Президенті Нұрcұлтан Назарбаев 29 наурызда Брюссельге ұшып келген болатын. Ол 22 наурызда болған террорлық акт құрбандарына арнап "Мальбек" метро стансасында гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети