Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 5 тамызда, жұма күні Түркияға барады, - деп хабарлайды РИА Новости Түркия президенті Тайип Ердоғанның әкімшілігіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 5 тамызда, жұма күні Түркияға барады, - деп хабарлайды РИА Новости Түркия президенті Тайип Ердоғанның әкімшілігіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Ердоғанның шақыртуымен 5 тамызда Түркияға барады. Сапар барысында президенттер жеке сөйлеседі, сонымен қатар делегация құрамымен келіссөздер жүргізіледі. Біздің стратегиялық серігіміз Қазақстанмен әріптестікті барлық салада кеңейту талқыланады, сонымен қатар Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің қызметі сөз болады", - делінген түрік лидерінің әкімшілігінің мәлімдемесінде.
Кейін бұл туралы Ақорда ресми түрде мәлімдеді. "Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапары болады, оның аясында Анкарада Қазақстан Президентінің Түркия Президенті Р.Ердоғанмен екіжақты кездесуі, сондай-ақ кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді", - делінген Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы шаралардың аңдатпасында.