Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Баспасөз хабарламасында телефон арқылы сөйлесуге БҰҰ Бас хатшысының кеңсесінің бастамашылық еткені айтылады. Тараптар Қазақстан мен Ұйым арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың ахуалы мен болашағын талқылады.
"Мемлекет басшысы Ұйымның бейбітшілік пен қауіпсіздікті, орнықты дамуды және халықаралық қоғамдастық мүшелері арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етудегі жетекші ролін атап айтты, сондай-ақ еліміздің БҰҰ міндеттері мен мақсаттарына адал екеніне сендірді", - деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінің өкілдері.
Пан Ги Мун Қазақстанның халықаралық саясаттың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыру және шешуге қосып отырған үлесін жоғары бағалады.