Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті © regnum.ru

Елбасы БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ-ның негізгі, соның ішінде орнықты даму, қарусыздану және ядролық қару таратпау режімін нығайту, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі өзара іс-қимылын күшейту жолдары талқыланды.

Тараптар Қазақстан ұсынған халықаралық бастамаларды, әсіресе маусым айында бесінші отырысына Пан Ги Мун қатысқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін әрі қарай жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мен БҰҰ Бас хатшысы күн тәртібіндегі негізгі халықаралық мәселелерді де қозғады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети