19 қаңтар 2018 | 09:13

Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысында қандай мәлімдеме жасады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda © Akorda

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің "Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары" атты отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің "Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары" атты отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жиынды ашқан Мемлекет басшысы отырысқа қатысқаны үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы А.Гутерришке, Польша Республикасының Президенті А.Дудаға және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше басқа да елдердің делегация басшыларына ризашылық білдірді.

"Мүмкіндікті пайдалана отырып, Президент Дуданы Польшаның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің басталуымен құттықтаймын. Сонымен бірге, Кот-д’Ивуар, Кувейт, Перу және Экваторлық Гвинеяны да биыл Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуымен құттықтаймын. Жаһандық ұйымның осы маңызды органы аясында ынтымақтастық пен ықпалдастық танытып, бірлесе жемісті жұмыс істейміз деп үміттенемін", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бекітілген күн тәртібіне сәйкес, сөзді БҰҰ-ның Бас хатшысы А.Гутерришке берді.

Гутерриштің баяндамасынан кейін Мемлекет басшысы Кеңес мүшелеріне арнап мәлімдеме жасады.

"Біз Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын және бүгінгі төрағалық қызметімізді әлемдік қоғамдастықтың елімізге және оның бейбітшіл саясатына деген сенімі деп білеміз. Бұл мәртебелі қызметтегі Орталық Азияның бірінші мемлекеті бола отырып, біз Дүниежүзілік ұйымның бұл маңызды органындағы өңір халықтарының "үніне" айналдық, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жұмысына өткен жылғы қосқан үлесін атап өтті.

"Ауғанстан/"Талибан", ИЛИМ/ДАИШ, "әл-Каида" және Сомали/Эритрея жөніндегі комитеттерді басқара отырып, олардың жемісті қызмет етуіне өз үлесімізді қосып келеміз. Кеңестің барлық мүше-мемлекеттеріне берік ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін", - деді Мемлекет басшысы.


© Akorda.kz

Қазақстан Президенті бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу жолындағы сенім шаралары шиеленістің алдын алу және маңызды жаһандық проблемаларды шешу кезінде негізгі рөл атқаратынын айтты.

"Мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясының мінберінен Азиядағы қауіпсіздік және сенім шаралары жөніндегі өңірлік құрылым құру туралы ұсыныс айтқан болатынмын. Тынымсыз дипломатиялық жұмыстың нәтижесінде бұл механизмді құруға қол жеткізілді. Бүгінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі өңірдегі 26 мемлекетті біріктіріп, табысты жұмыс істеуде. Ширек ғасырдан кейін тағы да Біріккен Ұлттар Ұйымында Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстанның атынан сөз сөйлеп тұрмын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы сенім шараларын күн тәртібінен түсірмеу қажеттігін айтып, бұған ықпал ететін бірнеше факторды атап өтті.

Қазақстан Президенті Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа негізделген қаруды таратпау режімін нығайту мәселесінде терең ментальді өзгерістер мен көпжақты жаңа саяси шешімдер қажет екенін айтты.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев қаруды таратпау саласындағы сенімді нығайта түсуге бағытталған бірқатар шараларды ұсынды.

Соңында Мемлекет басшысы қақтығыстарды тиімді шешу үшін әлемдік ядролық державалар арасында өзара түсіністік пен өзара сенім орнатудың маңыздылығына назар аударды.

"Әлемдік қоғамдастық - алуан түрлі және көп қырлы сипаты арқылы күшейе түскен біртұтас организм. Ол жер бетіндегі ұлттар мен халықтар арасында теңгерім мен үйлесім болған кезде ғана алға басып, дами алады. Сол себепті, біз халықаралық құқық үстемдігіне негізделген қауіпсіз әлем мен әділетті әлемдік тәртіпке бірлесе қол жеткізуіміз керек. Бұл істе Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің рөлі зор және оған тарихи миссия жүктелетіні де сөзсіз", - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Кеңес отырысы барысында Польша Президенті А.Дуда, Кувейт премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Шейх Сабах Халед Әл-Сабах және Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Лавров сөз сөйледі

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети