17 ақпан 2015 | 15:40

Назарбаев: Біз Минск саммиті қатысушыларына қол соғуымыз керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Украина мәселелері жөніндегі екінші Минск саммитінің қорытындыларын жоғары бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Украина мәселелері жөніндегі екінші Минск саммитінің қорытындыларын жоғары бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз күрделі келіссөздердің нәтижелерін қолдаймыз. Бұл өте қиын әрі өте маңызды, ауыр келіссөздер болды және біз келіссөздерді жүргізген мемлекет басшыларына қол соғуымыз керек", - деді Назарбаев шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесуде. 

Оның айтуынша, Қазақстан қол жеткен келісімдерді мүлтіксіз орындауға, атысты тоқтатуға шақырады. Президент Украинадағы жанжалды бейбіт жолмен шешуден басқа жол жоқтығына әбден сенімді екенін мәлімдеді. 

Мемлекет басшысы Қазақстан Украина дағдарысын реттеу жолдарын іздеудің жалпы жұмысына қатысуды жалғастыратынын айтты. "Осы айдағы менің соңғы келіссөздерім "норманд төрттігі" кездесуін ұйымдастыруға бағытталды", - деді Президент. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети