13 қараша 2018 18:10

Назарбаев: Біз, саясаткерлер конфронтация жүргіземіз, ал халық мұны қаламайды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры Сурет: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен АҚШ-тың ядролық қаруға ие болуын әділетсіз деп атады, себебі қалған елдер оны дамыта алмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен АҚШ-тың ядролық қаруға ие болуын әділетсіз деп атады, себебі қалған елдер оны дамыта алмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Күшті ядролық державаларға қару ұстауға, жетілдіруге, енді компьютер арқылы жақсартуға рұқсат, оны міндетті түрде сыналмаса да болады. Ал қалғандарға ұстауға, дамытуға және тағы басқаларға тыйым салынады. Бұл қаншалықты әділетті? АҚШ-та 6800, Ресейде 7100 оқ-дәрі бар. Бұл мемлекеттер барлық адамзат игілігі үшін ядролық қарусыздану үрдісін жүргізу керек ", - деді Назарбаев Astana Club отырысында.


Сурет: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры

Ол "қырғи-қабақ соғыс" күндері аяқталғанын, бірақ блокқа бөліну мен қару-жарақ жарысы қалғанын айтты. "Қарапайым адам мұның бәрін қаламайды. Демек біз, саясаткерлер конфронтация жүргіземіз. Сондықтан біз халық пен бүкіл әлем парламенті жағдайдың қиындығын түсіну үшін, олармен тікелей тілдесуіміз керек. Бұл дұрыс шешім болар еді", - деді Президент.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети