Назарбаев Cауд Арабиясында Ислам даму банкінің президентімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Cауд Арабиясында Ислам даму банкінің президентімен кездесті © Akorda.kz

Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Бандар бен Мұхаммад Хаджармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Бандар бен Мұхаммад Хаджармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде тараптар Қазақстан мен Ислам даму банкі арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы еліміздің экономикасын нығайтуға және халқымыздың әл-ауқатын арттыруға Ислам даму банкі елеулі үлес қосқанын атап өтті.  

"Қазіргі таңда біз "Астана" халықаралық қаржы орталығын құрудамыз. Ислам даму банкі оның қызметіне атсалысатынына сенімдімін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.    

Әңгіме барысында банк пен Қазақстанның ортақ жобаларының жалпы құны 1,3 миллиард доллардан асқаны атап өтілді. 2015 жылы Ислам даму банкі құны 665 миллион доллар болатын 4 жобаны қабылдап алған. 

Бандар бен Мұхаммад Хаджар біздің республикамен табысты ынтымақтастық одан әрі жалғасып, банк Қазақстан экономикасын дамытуға бағытталған жобаларға қатыса береді деп үміттенетінін жеткізді.

Cондай-ақ, Мемлекет басшысы Сауд Арабиясында Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Ияд ибн Әмин Маданимен кездесті. Келіссөз барысында Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүшелігі аясындағы екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі жайттары талқыланды.

Тараптар Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған бүгінде құрамына 32 ел кіретін халықаралық азық-түлік қорының жұмысын ілгерілету мәселелерін қарастырды.

Бұдан бөлек, Ияд ибн Әмин Мадани Мемлекет басшысын Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақтық қақтығыстарды реттеуге бағытталған барлық бастамаларын қолдайтынын айтты.   

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети