22 желтоқсан 2017 | 11:54

Назарбаев Дәнелі Төлешованың өнеріне тәнті болды - Мұхамедиұлы

© Tengrinews.kz

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы украиналық "Голос. Діти" шоуының жеңімпазы атанған алматылық 10 жастағы Дәнелі Төлешовамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы украиналық "Голос. Діти" шоуының жеңімпазы атанған алматылық 10 жастағы Дәнелі Төлешовамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Дәнелі Төлешованы қазақстандықтардың атынан сәтті өнер көрсетуімен құттықтады.

Реклама
Реклама

"Көп рақмет, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 15 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты концерт кезінде сенің өнеріне тәнті болғанын айтуын сұраған еді. Дәнелі 15 желтоқсанда Астанаға келіп, өнер көрсетті. Ал түнде концерттен кейін ұшып кетті. Тамаша өнер көрсетті", - деді министр.


© ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, министр ведомствоның Дәнелінің әрі қарай өнер көрсетіп, әндер жазуы үшін бар күштерін салатынын айтты.

Министрмен өткен кездесуге Дәнелі Төлешованың анасы да келді.

Еске сала кетейік, 10 жастағы Дәнелі Төлешова Украинадағы байқауда жеңімпаз атанған болатын. Суперфиналда Дәнелі "Не твоя війна" әнін орындап, залда отырған біраз адам және өз ұстазы Дима MONATIK көзіне жас алған еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная