Назарбаев даңғылындағы Фурмановтың ескерткіші ықшамауданға көшіріледі

Назарбаев даңғылындағы Фурмановтың ескерткіші ықшамауданға көшіріледі © 2gis.kz

Осыған дейін Назарбаев даңғылында тұрған Дмитрий Фурмановтың ескерткіші "Сары-Арқа" саябағына көшіріледі. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық Мәдениет және мұрағаттар басқармасының өкілдері хабарлады.

"Дмитрий Фурмановқа арналған ескерткіш Кеңес одағының бұрынғы басшыларына арналған ескерткіштер тұрған "Сары-Арқа" саябағына орнатылады", - деді ведомство өкілдері.

Осыған дейін Назарбаев даңғылы (бұрынғы Фурманов - Авт.) мен Құрманғазы көшесінің қиылысында Дмитрий Андреевич Фурмановтың құрметіне қойылған ескерткіштің жоғалып кеткені жайлы хабарланған болатын.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, былтыр қараша айында Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгертілген еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама