25 шілде 2018 16:38

Алматыда Фурмановтың ескерткіші жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Назарбаев даңғылы (бұрынғы Фурманов - Авт.) мен Құрманғазы көшесінің қиылысында Дмитрий Андреевич Фурмановтың құрметіне қойылған ескерткіш жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, осыған дейін Құрманғазы көшесінің бойында кеңес кезінің жазушысы әрі революционер Дмитрий Андреевич Фурмановтың ескерткіші тұрған еді.

Ал бірақ қазір ол жерде тек құрылыс материалдары жатыр. Жол жөндеп жатқан жұмысшылар болса мүсінді кімнің алып тастағанын білмейтінін айтады. Сондай-ақ, олар Дмитрий Фурмановтың кім екенін білмегенін және мүсіннің кімнің құрметіне орнатылғанын білмегенін айтады. 

"Бүгін келсек - мүсін орнында жоқ. Кеше ғана тұрған еді", - дейді Заир Тургиев.

Еске сала кетейік, былтыр қараша айында Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгертілген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети