Назарбаев "Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығына" өзінің домбырасын сыйға тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев "Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығына" өзінің домбырасын сыйға тартты © Ақорда

Мемлекет басшысы "Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығымен" танысты. Онда Ықылас атындағы халық аспаптары музейі, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік музей, Алматы қаласының тарих музейі, сондай-ақ мемлекеттік мұрағаттар қорынан алынған қазақ өнерінің көрнекті қайраткерлерінің бірегей аспаптары көрермендер назарына ұсынылған. Нұрсұлтан Назарбаев орталыққа өзінің жеке домбырасы мен әйгілі күйші Дина Нұрпейісоваға арналған "Дала әуендері" атты мүсінді тарту етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев спорт ғимаратын аралап көріп, қысқы универсиаданың ресми белгісімен танысты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы университеттік спорттың халықаралық федерациясы өкілдерімен әңгімелесіп, федерацияның тікелей қолдауымен Дүниежүзілік қысқы универсиаданы Қазақстанның табысты өткізетініне сенім білдірді. Федерация өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевқа алда болатын универсиада аясындағы барлық іс-шаралардың тиімді өтуіне қосқан жеке үлесі үшін алғысын білдірді.

Қазақстан Президентін универсиада өткеннен кейін нысандардың қалай пайдаланылатыны туралы да хабардар етті. Олар спорт мектептерінің, кәсіби және әуесқой командалардың жаттығуларын ұйымдастыру орталықтары ретінде пайдаланылады.

Айта кетейік, 5 мың орынға лайықталған Атлеттер қалашығы спортшылар мен делегация мүшелеріне арналған. 1 748 пәтерге есептелген кешеннің тұрғын жайының жалпы алаңы - 125 мың шаршы метр.

Ғимараттың басты әкімшілік корпусы аккредиттеу аймағынан, спорттық-ақпараттық, басты ақпараттық және мультимедиялық орталықтардан, сондай-ақ волонтерлер бөлмелері мен асханадан тұрады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети