Назарбаев достары мен туыстарына ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев достары мен туыстарына ескерту жасады © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев достары мен туыстарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев достары мен туыстарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 шілдеде сағат 21.30-да "Хабар" және КТК арналарынан "С Назарбаевым о главном" атты деректі фильм көрсетіледі. Ақорда баспасөз қызметінің Instagram аккаунтында фильмнің қысқаша көрінісі жарияланды. Мемлекет басшысының туыстары мен достары туралы айтқанын үзіндіден аңғаруға болады.

"Мен туыстарыма, достарыма, балаларыма сот жоқ дегеннің болмайтынын айтамын", - деді Назарбаев.

Тағы бір үзіндіден билік туралы да айтылғанын аңғаруға болады. "Мен әңгіменің не жайында екенін, президенттік билік тікелей мықты дейтіндерін білемін", - деді Президент.

Тағы бір үзіндіде билік туралы әңгіме жалғасын тапты. "Партиялар күресіп, халыққа бағдарламаларын көрсетіп, өз адамдарын көтермелесін", - деді ол. 

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети