Назарбаев Достық лигасының төрағасымен кездесті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Парламентінің Қазақстан Республикасымен достық лигасының төрағасы Такео Кавамурамен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Парламентінің Қазақстан Республикасымен достық лигасының төрағасы Такео Кавамурамен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Елбасы Жапония парламенттік достық лигасының екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қызметінің нәтижелерін атап өтті

"Премьер-министр Синдзо Абэнің Қазақстанға соңғы сапары кезінде біз стратегиялық серіктестігімізді едәуір нығайттық. Біздің экономикалық ынтымақтастықта біраз өзгеріс бар. Бұл жолы Үкіметтің шақыруымен Император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысу үшін келдім", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Жапония халықтарының өркендеуі жолында парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Такео Кавамура тәуелсіздік жылдарында Тұңғыш Президенттің басшылығымен қол жеткен Қазақстанның өсу қарқынын оң бағалады.

Сондай-ақ, Жапония парламенттік достық лигасының төрағасы Қазақстанға жасаған соңғы сапары жайлы және сапар аясында өткізілген кездесулер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro