Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасы болып қайта сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасы болып қайта сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құрылтай мүшелері Елбасын Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасы етіп қайта сайлады.
Заутбек Тұрысбеков Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
"Бүгін айтылған бағдарламаларды іске асыру үшін Заутбек Тұрысбековты тағайындауды ұсынамын. Тәуелсіздік жылдары менің тапсырмаммен ол жауапты қызметтерде өзін көрсете алды, тәжірибелі адам. Көші-кон және демография агенттігін басқарған, қазақтардың отанына көшіп келуіне жауапты болды, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Ішкі істер министрі болды, Мемлекеттік қызмет істері жөнінде агенттікті басқарды. ал ең бастысы Өзбекстан мен Ресейде елші болды, ол жерде қазақтардың ең үлкен диаспоралары тұрып жатқанын білесіздер", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.