Кеше, 27 қыркүйекте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 28 қыркүйекте ТМД елдері басшыларының отырысына қатысу үшін Душанбеге ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кеше, 27 қыркүйекте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 28 қыркүйекте ТМД елдері басшыларының отырысына қатысу үшін Душанбеге ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.
Кездесуде тараптар екі жақты қатынастардың қазіргі мәселелерін және экономиканың түрлі секторларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады.
"Елдеріміз арасында өзара сенімге негізделген қарым-қатынас орнады. Біз Тәжікстанға әрдайым көмек көрсетіп, қолдау білдірдік. Бүгінде осы ынтымақтастығымызды тереңдетіп, өзара сауда-саттықты ілгерілетуді көздеп отырмыз", - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту және интеграциялық үдерістерді кеңейту үшін шаралар қабылдаудың маңызды екеніне назар аударды.
Тәжікстан Президенті екі ел арасында қалыптасқан қатынастардың стратегиялық сипаты туралы айтты.
"Қазақстан - Тәжікстанның негізгі стратегиялық және экономикалық әріптестерінің бірі. Біздің сауда-экономикалық қатынастарымыз кеңейіп келеді, - деді Рахмон.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы беделін ерекше атап өтіп, экономикалық және саяси тұрғыдан қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылық білдірді.
© akorda.kz