Назарбаев Дүйсеноваға: Тамара, сен мына жұмыста шаршадың ба?

09 Ақпан 2018, 14:02
6
Назарбаев Дүйсеноваға: Тамара, сен мына жұмыста шаршадың ба? - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сұрақ қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді кейінгі қалдыруға тура келді. Басты себеп өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты осыған жұмылдыру проблемасы болды. Олар салық төлемейді, қысқасы олар көлеңкеде қалып жүр", - деді Президент.

"Мен кем дегенде бес жыл уақыт бойы осы жайлы бірнеше рет айттым. Нақты тапсырмалар бердім. Алайда онымен ешкім айналысқан жоқ. Министр Дүйсеноваға бірнеше рет. Не болды, Тамара, әлде сен мына жұмыста шаршадың ба?", - деді Назарбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне.

Министр Тамара Дүйсенова өз кезегінде ведомствоның көп жұмыс атқарғанын айтып өтті.

"Нұрсұлтан Әбішұлы, біз көп жұмыс атқардық. Бүгінде сіздің тапсырмаңызбен барлық 18 миллион адамның статусын анықтадық. 2,7 миллион өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 1,5 миллионы қалды. Оларға қатысты мәліметтер өңірлердің әкімдеріне берілді", - деді Дүйсенова.

Айта кетейік, кеңейтілген отырыс үкімет ғимаратында өтіп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (6)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай