Кремльде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2016 жылдан бастап одақтағы төрағалық Қазақстанға өтеді.
Кремльде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2016 жылдан бастап одақтағы төрағалық Қазақстанға өтеді.
2015 жылы ЕАЭО-да төрағалық еткен Беларусь елінің президенті Александр Лукашенко кеңейтілген құрамда өткен жиын кезінде шаралар кестесінің мазмұнының қанық болғанын атап өтті. "Біз аз құрамда бірқатар мәселені талқыладық. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Украина мен Еуропалық одақтың арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім күшіне енеді. Осыған байланысты барлығымызда да алаңдаушылық бар. (...) Біз шешім қабылдадық, бірінші тоқсан бойында бірқатар мәселені зерттеп, қарастырамыз, Қазақстан мен Беларусь осы жағдайда не істеу керек екенін талқылаймыз және жарты жыл ішінде ЕАЭО аясында тасымалданатын тауарларды толықтай электронды түрде рәсімдеуге көшеміз", - деді Лукашенко.
Сонымен қатар, ол Қазақстанның ДСҰ мүшесі болуы мәселісінің талқыланғанын айтып өтті.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь президенті Александр Лукашенкоға ЕАЭО-да осы жылдағы атқарған төрағалық қызметі үшін және ЕАО алқасының төрағасы Виктор Христенкоға алғыс айтты.
"2016 жылы Қазақстан Беларусьтен төрағалықты Жоғарғы, Үкіметаралық кеңесте қабылдайды. Біз Еуразиялық экономикалық одақтың қызметіне ерекше мән береміз, себебі одақтың елдерімізді дамыта алатын потенциалы бар. Әлемдік экономикалық конъюктураның тұрақсыздығын есепке ала отырып, 2016 жылдың күрделі жыл болатынын және ерекше жағдайда жұмыс істеуімізге тура келетінін түсінеміз. (...) Қазақстан интеграциялық бірлестігіміздің ары қарай серпінмен дамуы үшін бар күш-жігерін салады және төрағалық қызметті атқару кезінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының Қытай халық республикасымен де еркін сауда экономикалық аймағын жасауы үшін де белсенді жұмыс істейді. Бұл біздің мүмкіндігімізді кеңейтеді, Еуразиялық экономикалық одақты күшейтеді", - деді Назарбаев.