26 желтоқсан 2016 | 19:15

Назарбаев ЕАЭО-дағы бірқатар проблеманы атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтағы бірқатар ішкі проблеманы айтып, бірлестік аясында дағдарысқа қарсы кеңес құруды ұсынды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтағы бірқатар ішкі проблеманы айтып, бірлестік аясында дағдарысқа қарсы кеңес құруды ұсынды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Осы мәселелерді зерттеу үшін дағдарысқа қарсы кеңес құру керек, оған әлемдік деңгейдегі, өзіміздің сарапшыларды тартамыз. Кеңес комиссия құрылымында стратегиямызға қарамастан, қазіргі жалпы бюрократияның аясында ерекше тұруы тиіс", - деді Назарбаев Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Ол кеңестің жұмысы терең сараптамаға, ұсыныстарды даярлауға және проблемаларды шешудің оңтайлы шешуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

"Күрделі экономикалық жағдайларда бір-бірімізге көмекке келу жолдарын білуіміз керек. Сондықтан осы мәселелерді қарастыратын орган керек", - деді Қазақстан Президенті.

Оның айтуынша, "біздің экономикалық қарым-қатынасқа одақтың ішкі мәселелерінің шешілмеуі әсер етеді".

"Оған өзара сауда, әрбір елдің қосымша талаптары мен шектеулері, тауар транзитіндегі қиындықтар, нарыққа кіру кезіндегі қамтамасыз етілетін төлемдер, жергілікті билік тарапынан болатын кедергілер және тағы да басқалар кіреді", - деп түсіндірді Назарбаев.

"Бұл проблемалардың әрдайым болатынын және болғанын түсінеміз, олар уақытша, бастапқы кезеңде әрбір интеграциялық процессте болатын жағдайлар. Соған қарағанда, елдердің билігі мен бизнесі бірігіп жұмыс істеуі үшін қажетті тәжірибеге, бір-біріне үйренісуге уақыт керек шығар, бірақ оның тезірек болғаны дұрыс", - деп мәлімдеді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети