Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың Иран, Қытай, Сербия және өзге де елдермен ынтымақтасу мәселесін белсенді етуге шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың Иран, Қытай, Сербия және өзге де елдермен ынтымақтасу мәселесін белсенді етуге шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Сауда нарығын кеңейту мен инвестицияны арттыру үшін жаңа серіктестермен жаңа сауда-экономикалық келісімшарттар дайындау керек. Иран, Қытай, Үндістан, Сингапур, Сербия, Израиль және ынта білдірген өзге де елдермен ынтымақтасу мәселесін жеделдету керек", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық одақтың жоғары отырысында.
Бұл отырыста одақтағы бес елдің де басшылары қатысып отыр: РФ президенті Владимир Путин, Беларусь - Александр Лукашенко, Қазақстан - Нұрсұлтан Назарбаев, Армения - Серж Саргсян, Қырғызстан - Алмазбек Атамбаев. Сонымен қатар, жиынға Молдавия президенті Игорь Додон да қатысып отыр.
Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ - 2015 жылдың 1 қаңтарында Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік негізінде құрылған халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік.