22 тамыз 2014 | 13:17

Назарбаев екі жаңа теміржол тармағын іске қосты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©railways.kz ©railways.kz

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жезқазған - Бейнеу және Арқалық - Шұбаркөл теміржолдарын іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жезқазған - Бейнеу және Арқалық - Шұбаркөл теміржолдарын іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы теміржолшылар мен құрылысшыларға екі ірі жобаны іске асырғаны үшін алғыс білдірді. "Құрылыстың жөнелту нүктелерінен: Маңғыстау облысындағы Бейнеу станциясынан, Ақтөбе облысындағы Шалқар станциясынан, Қызылорда облысындағы Сексеуіл станциясынан, Қостанай облысындағы Арқалық қаласынан және Жезқазған қаласының өзінен жасалған тікелей хабарлар жаңа жолдармен жүк тасымалдаған алғашқы пойыздарды көруге мүмкіндік берді", - делінген таратылған хабарламада. 

Жаңа учаскелердің іске қосылуымен бірге арналы теміржол желісінің тұтас құрылымы қалыптастырылып отыр. "Бүгін іске қосылған мың шақырымнан асатын теміржолдар Солтүстік - Оңтүстік, Шығыс - Батыс бағыттарында жүк ағыны бағыттарын оңтайландырады. Теміржолдардың жұмысы аймақтарда экономикалық белсенділікті ынталандыра, өнеркәсіптік әлеует мен өндірісті дамытуды жылдам игеру үшін қолайлы жағдай жасай отыра Орталық және Батыс Қазақстанның дамуына қуатты серпін береді, 3,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылады", - деп мәлімдеді "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті Асқар Мамин Мемлекет басшысына. Ол сондай-ақ жаңа теміржолдардың іске қосылуы Қытайдан Ресей мен Еуропа бағытына өтіп жатқан трансқазақстандық көлік дәлізінің транзиттік әлеуетін арттыратынын айтты. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети