19 тамыз 2015 | 17:58

Назарбаев елдегі экономика жайлы: Мұндай жағдай бізде болмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Ақордадағы жиын кезінде республикадағы экономикалық жағдай талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақордадағы жиын кезінде республикадағы экономикалық жағдай талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, кездесу кезінде әлемдік нарықтағы жағдайдың нашарлауы жағдайында қазақстандық экономиканың өсуін қамтамасыз ету бойынша бағыттар талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасына ұзақ мерзімде әсер етуі мүмкін жағымсыз факторларды атады.

"Біріншіден, мұнай мен металдың төмен бағасы, сарапшылардың пікірінше, алдағы бес жылда сақталуы мүмкін. Екіншіден, дамушы елдердің инвестиция мен капиталға қолжетімділігі шектелуі мүмкін. Үшіншіден, қазақстандық өнімнің саудасы негізгі серіктестеріміздің, Ресей мен Қытайдың тарапынан болып жатқан сұранысының әлсіреуінен нарық қысымға ұшырап жатыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент қалыптасқан жағдайдың мемлекеттен бюджеттік және монетарлық саясатты теңдестіруді қамтамасыз ету бойынша алдын алудың тиімді шараларын өткізуді, сонымен қатар, экономикалық дамуды жүзеге асыру мақсатында жаһандық қиындықтарға қарсы іс-қимылды талап ететінін айтты.

Мемлекет басшысы жаңа экономикалық жағдайда мұнайдың баррелі үшін 30-40 доллар бағасына бейімделудің қажеттілігін атап өтті.  

"Өткен жылдары біз құрылыспен көп айналыстық, штаттарды кеңейтіп, жалақы деңгейін көтердік. Алайда қазіргі уақытта қаражаттың жеткіліксіздігі байқалып отыр, осыған байланысты жаңа жобаларға бөлінетін қаражат табыс базасының кеңейтілуінің мүмкіндіктері арқылы қатаң түрде шектеледі. Сондықтан 2018 жылға дейін түрлі бастамаларға мараторий бекіту қажет. Бұл бүгінгі жағдайға байланысты мәжбүрлі шара", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылға дейін республикалық бюджет дефицитін 1 пайызға дейін түсіруді тапсырды. Ол дефицитті қаржыландырудың ішкі резервтер арқылы жүзеге асырылуы керектігін атап өтті.

Ол экономиканың бәсекелестік артықшылықтары бар негізгі салаларына қолдау білдіруге басымдықтың берілуі керектігін айтты.

"Қойылған міндеттерді жүзеге асырудың маңызды тұсы - дамудың осыған ұқсас жолын жүріп өткен әрі экономикалық жағдайы ұқсас елдердің тәжірибесі. Бұл - Аустралия мен Канаданың соңғы 30 жылдағы тәжірибесі. Тауар жеткізудің жаһандық тізілуіне Қазақстанның алдағы онжылдықтарда үлкен мүмкіндіктері бар", - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев индустриалдық-инновациялық саясаттың қызмет көрсету секторындағы дамудың негізгі кілттерін табуға бейімделуі керектігін және оның көлемін арттыру керек екенін атап өтті.

Жиын қорытындысын жасай отырып, Президент қойылған міндеттерді орындауға жаңа әдістердің қажет екенін мәлімдеді. "Күрделі интеллектуалдық жұмыс уақыты келді, бұл уақытта әр министрдің, елдің экономикалық саясатына әр қатысушының сапасы тексеріледі. Қазіргі дағдарыс секторлық, ол Қазақстанның барлық өндіріс кәсіпорындарына әсер етеді. Мұндай жағдай бізде болмаған, сондықтан ол мүлдем басқа әдістерді талап етеді", - деді Назарбаев.

"Бұл жағдайдан шығамыз, осыған дейін де солай болған", - деп мәлімдеді Президент.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети