18 тамыз 2016 09:55

Назарбаев Елеусіновтің жеңісін үлкен шеберлік пен зор қажыр-қайраттың нәтижесі деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Данияр Елеусіновті бокстан жеңіп алған алтын медалімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Данияр Елеусіновті бокстан жеңіп алған алтын медалімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Жылдар бойы тынымсыз төгілген тер мен зор қажыр-қайраттың және үлкен шеберліктің нәтижесінде дүниежүзілік спорт додасында қол жеткізілген бұл жеңіс барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады. Бұл жеңіс осы бәсекені тамашалаған мыңдаған жасөспірімнің спортпен айналыса бастауына, олардың шыныққан шымыр болып өсуіне және мақсатты өмір сүруіне жаңа серпін беретіні сөзсіз", – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы спортшыға зор денсаулық пен бақыт, жаңа жеңістер мен жетістіктер тіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети