02 тамыз 2016 14:51

Назарбаев энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қанат Бозымбаев Елбасына мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және энергетика салаларындағы дамудың негізгі көрсеткіштері туралы баяндады, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын хабарлады.

Сонымен қатар, кездесуде мұнай өңдеу және энергетика өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, оның ішінде жыл соңына дейін Қашаған кен орнын қолданысқа енгізу жоспары, Теңіздің өндірістік қуаттылығын кеңейту және Қарашығанақ кен орнындағы сұйық көмірсутегі өндірісін арттыру талқыланды.

Мемлекет басшысы жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету және экономикадағы энергия тасымалдауға артып отырған қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында отын-энергетика кешенін одан әрі дамыту керектігіне назар аударды. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыру үшін шаралар қабылдау және төмен көміртекті даму мен "жасыл экономикаға" өтуін қамтамасыз ету жөнінде жағдайлар туғызудың маңыздылығын атап өтті.

Энергетика министрі биыл мұнай өндіру көлемінің аздап азаюы әлемдегі негізгі энергетикалық ресурстарға бағаның құлдырауымен байланысты болып отырғанын атап өтті.

"Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 38,8 миллион тонна мұнай өндірілді. Ол өткен жылғы осы кезеңнің өндіру көлемімен салыстырғанда 97 пайызды құрайды. Биыл жыл соңына дейін өндіру көлемін 75 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 6,9 миллион тонна мұнай өңделді, ол былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда шамамен 5 пайызға артық", - деді Қанат Бозымбаев.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети