Назарбаев Ердоғанды құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Ердоғанды құттықтады

Қазақстан Президенті Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президентін ел Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі бүкілхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады.

"Референдум қорытындылары Түркия халқы арасындағы Сіздің жоғары беделіңіздің және халықаралық аренада еліңіздің тұғырын нығайтуға бағытталған саясатыңызға көрсеткен көпшіліктің қолдауының айқын дәлелі болып саналады. Сіздің басшылығыңызбен Түрік Республикасы өңірдегі тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосатын, жаһандық саясатта елеулі орны бар ел, ынтымағы берік, зайырлы мемлекет болып қала беретініне сенімдімін.

Қазақстан мен Түркия арасында қалыптасқан тығыз ынтымақтастық екі ел халқының игілігі жолындағы өзара түсіністік негізінде жалғаса береді деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасы Президентінің жауапты қызметте мол табысқа жетуіне, ал бауырлас түрік халқының одан әрі дамып, өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети